Маңғыстау облысындағы Қансу аумағында геологиялық барлау басталады

размер шрифта: Aa | Aa
24.01.2014 17:11
 20 млрд. текше метр көлеміндегі газ бар деп болжанған Қансу аумағында биыл геологиялық барлау жұмыстары басталады,деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

«Елбасы өз Жолдауында қазақстандық геологияық барлауға және оны әлемдік нарыққа шығару мәселесіне баса назар аударды.  Бұл бізге жүктелген міндет. Өйткені шетелдік инжинирингтік компаниялардың инвестициясын тарту Қазақстанды бұл саладағы көшбасшылардың қатарына шығарады. Ағымдағы жылы Жаңаөзен қаласының маңындағы 20 млрд. текше метр көлеміндегі газы бар Қансу аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу көзделген», - деді  А.Айдарбаев.

АҚТАУ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: ЖолдауМұнай-газМаңғыстау облысы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту