Елбасы мен «Тоталь» компаниясы президентінің кездесуінде Солтүстік Каспий жобасы бойынша келісімге қатысу мәселесі талқыланды

размер шрифта: Aa | Aa
24.01.2014 17:16
 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тоталь» компаниясының президенті Кристоф де Маржеримен кездесті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Әңгімелесу барысында компанияның Қазақстандағы қазіргі қызметі және оның Солтүстік Каспий жобасы бойынша өнімдерді бөлу туралы келісімге қатысуының мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Кристоф Де Маржери инвестиция тартудың және жаңа технологияның арқасында Қазақстанның мұнай-газ саласы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Тараптар Қашаған кен орнын игеруді жүзеге асыруға қатысты ахуалға да тоқталды. Осыған байланысты «Тоталь» басшысы келісімге қатысушылар өндіруді кідіртудің себептерін жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынына сендірді.

Қазақстан Президенті адами капиталды дамытуға және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды. 

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Қазақстан ПрезидентіҚазақстанның сыртқы саясаты
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту