Сауд Аравиясының Эр-Рияд қаласында ХЭФ қолдауымен өткізілген 4-ші Энергетикалық симпозиум аясында KAZENERGY Қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ж.Сәрсенов Сауд Аравиясы Патшалығының мұнай және минералды ресурстар министрінің орынбасары жоғары мәртебелі...

размер шрифта: Aa | Aa
27.01.2014 18:07

Сауд Аравиясының Эр-Рияд қаласында Халықаралық Энергетикалық Форумның қолдауымен өткізілген (бұдан ары - ХЭФ) 4-ші Энергетикалық симпозиум аясында KAZENERGY Қауымдастығы Төрағасының орынбасары Жанболат Сәрсенов Сауд Аравиясы Патшалығының мұнай және минералды ресурстар министрінің орынбасары жоғары мәртебелі Абдулазиз Бин Салман Әл-Саудпен кездесті. Патша отбасының мүшесі аталған халықаралық ұйымның Бас Хатшылығы жұмысында негізгі рөл атқарып, ХЭФ қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан.

Кездесу барысында тараптар KAZENERGY Қауымдастығы мен ХЭФ арасындағы әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, ХЭФ қолдауымен 2016 жылы Алжирде өтетін келешек 15-ші Министрлер кездесуіне тең-төраға ретіндегі Қазақстанның рөлі жайлы пікір алмасты. Сауд бекзадасы Алжирде өткізілетін министрлер кездесуіндегі Қазақстанның тең- төрағалығының рөлін жоғары бағалап, тараптар арасындағы әріптестіктің одан ары да беки түсеріне сенім білдірді.

Өз кезегінде KAZENERGY Қауымдастығы Төрағасының орынбасары ХЭФ қатысуды өтініп, шақыру жолдағаны үшін бекзадаға алғыс білдірді. Сондай-ақ ХЭФ дамытуда Патшалықтың маңызды рөл атқарғанын атап өтті. Жанболат Сәрсеновтің айтуынша, аталған форум минералды ресурстарды өндірушілер мен оны тұтынушылар еркін пікір алмасатын, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланатын айрықша диалог алаңы. Оның пікірінше, бұл кездесу бұған дейін қол жеткізілген әріптестік тәжірибесін тағы бір салмақтап, келешекте серіктестіктің жаңа сапада жалғасуына серпін беретін тың мүмкіндік.

KAZENERGY Қауымдастығының баспасөз қызметі
+77172790181, 790199

23 қаңтар, 2014 ж.  Астана, Қазақстан

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту