Өткен жылы 81,8 млн. тонна мұнай және газ конденсаты өндірілді

размер шрифта: Aa | Aa
28.01.2014 10:07
Өткен жылы Қазақстанда  81,8 млн. тонна мұнай және газ конденсаты өндірілді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен өтіп жатқан Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

«Жедел мәліметтерге сәйкес, 2013 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 81,8 млн. тоннаны құрады. Бұл Қазақстандағы мұнай мен газ конденсатын өндірудегі жаңа меже болып саналады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, бұл индикативті жоспардан 0,3 пайызға төмен. Дегенмен, өткен жылға қарағанда, 3,2 пайызға жоғары.

«Есепті кезеңде газ өндіру 42,3 пайызды құрады. Бұл жоспардан 4,4 пайызға, ал өткен жылғы межеден 5,4 пайызға артық», - деді Ұ.Қарабалин. 

Ключевые слова: ҚР Мұнай және газ министрлігіМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту