2013 жылы республика аумағы арқылы 99 млрд. текше метр газ транзиті жүзеге асырылды - Ұ.Қарабалин

размер шрифта: Aa | Aa
28.01.2014 10:14
Өткен жылы республика аумағы арқылы 99 млрд. текше метр газ транзиті жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өткен Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

«Өткен жылы тауарлық газды өндіру көлемі 22,6 млрд. текше метрді немесе 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда 104 пайызды құрады. Қазақстан өңірлерінің газды тұтыну көлемі 11 млрд. текше метрге жетті, жылдық өсімі - 4 пайыз», - деді Ұ.Қарабалин.

Министрдің атап өтуінше, газ экспортының көлемі 8,6 млрд. текше метрге жетті. Бұл өткен жылғы деңгеймен бірдей. Республика аумағы арқылы 99 млрд. текше метр газ транзиті жүзеге асырылды. Бұл 2012 жылғы көлемнен 2 пайызға артық.

«Бұл ретте транзиттелген газдың 55 пайызы Ресейдікі, 36 пайызы түркімендікі, шамамен 9 пайызы өзбектікі»,-  деді ол.

 АСТАНА. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газҚР Мұнай және газ министрлігіҚР Үкіметі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту