Қашағандағы мұнай өндіру құрылғылары күту режимінде тұр - «ҚазМұнайГаз» компаниясы

размер шрифта: Aa | Aa
28.01.2014 10:16
 2013 жылы «ҚазМұнайГаз» компаниясының үлесімен қоса есептегенде, елімізде 22,6 млн. тонна мұнай өндіріліп, негізгі жоспардың 101 пайызын құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өткен Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Исқазиев айтты.

Оның мәліметінше, 2012 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 1,2 млн. тоннаға (6 пайыз) артты.

Айта кету керек, 2013 жылы Қашаған мен «ҚазақОйл-Ақтөбе» компанияларынан басқа мұнай өндірушілердің барлығы жоспарды толығымен орындады. 

«Өздеріңіз білесіздер, 2013 жылдың 11 қыркүйегінде Қашаған кен орнынан мұнай өндіру басталғанымен, құбырдан ақау табылуына байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Бүгінде барлық теңіз және құрлық құрылғылары күту режимінде тұр. Ақаудың себептерін анықтау мақсатында диагностика шаралары жүргізілуде», - деп атап өтті Қ. Исқазиев.

АСТАНА. ҚазАқпарат

Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»ҚР Мұнай және газ министрлігіМұнай-газҚР Үкіметі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту