2013 жылы ТШО 27 млн. тонна мұнай өндірді - Ұ.Қарабалин

размер шрифта: Aa | Aa
28.01.2014 10:18
Өткен жылы «Теңізшевройл» компаниясы 27 млн. тонна мұнай өндірді. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өткен Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

«Өткен жылы ТШО (Теңізшевройл) шамамен 27 млн. тонна мұнай өндіріп, сол арқылы жоба жүзеге асырылған 20 жылдың ішіндегі жиынтық мұнай өндіру көлемі  222 млн. тоннаға жетті»,-  деді ол.

Ұ.Қарабалиннің атап өтуінше, компания құрылғаннан бері осы уақытқа дейінгі аралықта салық және басқа да төлемдер түрінде мемлекет бюджетіне 60 млрд. доллар қаржы құйған. Оның ішінде 2013 жылдың өзінде ғана 11,3 млрд. доллардан астам қаржы аударды.

«Өткен жылдың 15 қарашасында ел Үкіметі мен ТШО арасында теңіз мұнай кенішін болашақта кеңейту туралы меморандумға қол қойылды. Бұл қазақстандық маңызды сала үшін мұнай өндіру көлемін жылына 38 млн. тоннаға дейін арттыруға, шамамен 20 мың жаңа жұмыс орнын, металл құрылымдардың қазақстандық секторын құруға Атыраудағы газ химиясы кешенін шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды құжат деп санаймын», - деді министр.

АСТАНА. ҚазАқпарат

Ключевые слова: ҚР Мұнай және газ министрлігіМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту