Қазақстан биылдан бастап өзін-өзі 100 пайыз отандық битуммен қамтамасыз ете алады

размер шрифта: Aa | Aa
28.01.2014 10:21
 Қазақстан биылдан бастап өзін-өзі 100 пайыз отандық битуммен қамтамасыз ете алады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өткен Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.  

Авто жолдар салу саласындағы қажеттілікті өтеуге қауқарлы алғашқы отандық Битум зауыты өткен жылдың желтоқсан айында Ақтауда іске қосылғандығын атап өткен ол: «Естеріңізге сала кетейік, жоба құны 290 млн. доллар. Жылдық өнідіріс көлемі - шамамен 400 мың тонна битум мен басқа да фракциялар», - деді. 

Министрдің атап өтуінше, технологиялық талаптарға сәйкес, 28 ақпаннан бастап зауытта жоспарлы түзету жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақыттың өзінде 25 мың тонна Қаражамбас мұнайын өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 5 мың тоннадан астам битум мен 7 мың тоннадан астам вакуумдық газойль мен басқа да фракциялар алынды.

«Зауыт автомобиль жолдарын салу маусымы басталғанға дейін технологиялық үдерістерін толығымен аяқтап, сапалы битуммен үздіксіз қамтамасыз етуі тиіс»,- деді Ұ.Қарабалин. 

Осы орайда, ол биылдан бастап отандық өндіріс орнының құрылыс жұмыстарын битуммен толық қамтамасыз етуге қабілеттілігі ескеріліп, Ресейден аталған өнімнің жеткізілмейтіндігін баса айтты.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

Ключевые слова: ҚР ҮкіметіҚР Мұнай және газ министрлігіМұнай-газӨнеркәсіп
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту