Қазақстанға Газ стратегиясы қажет болып тұр - Серік Ахметов

размер шрифта: Aa | Aa
28.01.2014 10:24
 Бүгін ҚР Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов газды пайдалану тұрғысында жаңа стратегияны әзірлеуді тапсырды.

«Біз мұнай-газ кеңесінде Елбасы алға қойған мақсаттарға байланысты барлық мәселелерді қарастырамыз деп айқындадық. Оның бірі - газ стратегиясына қатысты. Яғни, біз газ бойынша нақты айқындап алуымыз керек. Атап айтқанда, мұнай бойынша шамамен болжай аламыз. Мәселен, өндіру көлемі, басты кен орындарын кеңейту, оларда біздің трансұлттық компаниялардың қатысуын шамалап, осының нәтижесі қандай өсім беретінін көре аламыз», - деді Премьер-Министр.

Осы орайда С. Ахметов қанша газды иемдену мөлшері, тұтыну көлемі бойынша, газды пайдалану бағыттары жайында нақты түсінік болуы тиіс екенін атап өтті.

«Бізге Газ стратегиясы қажет болады. Бұл ауқымды жұмыс және кешенді түрде шешу қажет. Осы тұрғыда барлық мүдделі тараптарды тарту керек. Сондықтан газ бойынша жаңа стратегияның әзірлеу жұмыстарын жеделдету қажет», - деді Үкімет басшысы.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

Ключевые слова: ҚР ҮкіметіҚР Мұнай және газ министрлігіМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту