Былтыр «ҚазМұнайГаз» компаниясы 16 млн. тоннадан астам мұнай өңдеді

размер шрифта: Aa | Aa
28.01.2014 10:26
 Былтыр «ҚазМұнайГаз» компаниясы 16 млн. тоннадан астам мұнай өңдеді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен өткен ҚР Мұнай және газ министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Исқазиев мәлім етті.

«2013 жылы компания бойынша мұнай өңдеу көлемі 16 млн. тоннадан асты. 2012 жылы бұл көрсеткіш 15,9 млн. тоннаны құраған болатын. Мұнайдың жалпы тасымалы 1,4 пайызға немесе 76,1 млн. тоннаға дейін төмендеді», - деп атап өтті ол. 

Газ өндіру 2013 жылы 12 пайызға, шамамен 2,9 млрд. текше метрге дейін артқан. Ал оның тасымалы 1 пайызға жоғарылап отыр.

Оның айтуынша, 2014 жылы «ҚазМұнайГаз» компаниясы өзінің еншілес кәсіпорындарында мұнай өндіру көлемін тиімді технологиялық шешімдердің негізінде тиісті деңгейде ұстап тұруды жоспарлауда. Сонымен қатар жұмыскерлердің әлеуметтік тұрмысын жақсартуға күш салады.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

Ключевые слова: ҚР ҮкіметіҚР Мұнай және газ министрлігіМұнай-газ«ҚазМұнайГаз»
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту