Ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында Атырауда хош иісті көмірсутектер өндіру кешені іске қосылады

размер шрифта: Aa | Aa
28.01.2014 10:31
 Ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында Атырау хош иісті көмірсутектер өндіру кешені іске қосылады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің қатысуымен өткен Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

«2013 жылы Атыраудағы хош иісті көмірсутектер өндіру кешеніне негізгі технологиялық құрал-жзабдықтар 100 пайыз қойылды және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоба ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында іске қосылады деп жоспарланып отыр», - деді министр. 

Сондай-ақ ол 2016 жылы жүзеге асырылуы тиісті терең қайта өңдеу кешені бойынша қазіргі уақытта консорциум «Синопек Инжиниринг» (ҚХР), «Марубени» (Жапония) және «ҚазСтройСервис» құрамында EPC-келісімшартына қатысты жұмыстарды бастағандығын атап өтті.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

Ключевые слова: ҚР Премьер-МинистріҚР Мұнай және газ министрлігіАтырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту