ҮИИД МБ-ның екінші бесжылдығында мұнай химиясына басымдық берілмек

размер шрифта: Aa | Aa
28.01.2014 10:33
 Бүгін ҚР Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов мұнай химиясына басымдық беруді жүктеді.

Қазіргі кезде ҮИИД МБ бойынша екінші бесжылдығын әзірлеу аясында үлкен жұмыстар жүріп жатқандығына тоқталған С. Ахметов, «Біз қазіргі кезде басымдықтарды анықтаудамыз. Оның бірі мұнай химиясы саласы болуы тиіс»,- деді.

Үкімет басшысы осы ретте ҚР Мұнай және газ министрлігі мен компаниялар үшін бүгінде мұнай химиясы зауыттарының құрылысы бірінші мәселе екенін қадап айтты.

Бұған қоса, ол Премьер-Министрдің орынбасары Әсет Исекешевке Мұнай және газ министрлігімен бұл мәселені екінші бесжылдық бағдарламасын пысықтау кезінде негізгі бағыттардың бірі ретінде айқындауды тапсырды.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

Ключевые слова: Мұнай-газҚР Мұнай және газ министрлігіҚР Премьер-МинистріӨнеркәсіпЖаңа индустрияландыру
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту