«ҚазМұнайГаз» компаниясының 2013 жылғы таза пайдасы 456,8 млрд. теңгені құрады

размер шрифта: Aa | Aa
28.01.2014 10:35
 «ҚазМұнайГаз» компаниясының 2013 жылғы таза пайдасы 456,8 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен өткен ҚР Мұнай және газ министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Исқазиев мәлім етті.

«2013 жылы «ҚазМұнайГаз» компаниясының негізгі қызметінен түскен пайданың көлемі жоспарланған деңгейден 3 пайызға артық түсті және 107, 2 млрд. теңгені құрады. Бұған мұнай сатудан түсетін пайда көлемінің артуы, соның ішінде мұнай бағасының көтерілуі және магистральді мұнай тасымалы көлемінің жоғарылауы септігін тигізді. «ҚазМұнайГаз» компаниясының 2013 жылғы таза пайдасы 456,8 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш жоспарланған деңгейден 37 пайызға артық. Бұл негізінен мұнай бағасының жоғарылауынан болып отыр», - деді ол жыл қорытындысын шығару барысында.

Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы 94 теңге көлемінде сақталатын болса, «ҚазМұнайГаз» компаниясының таза пайдасы 334 млрд. теңге шамасында болады деп күтілуде.

АСТАНА. ҚазАқпарат

Ключевые слова: ҚР ҮкіметіҚР Мұнай және газ министрлігіЭкономикаМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту