2014 жылдың 1 мамырынан Қазақстанда газға көтерме баға енгізіледі - Үкімет басшысы

размер шрифта: Aa | Aa
28.01.2014 10:37
 Биылдың мамырынан бастап Қазақстанда газға көтерме баға енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Мұнай және газ министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов мәлім етті.

Министрлер кабинетінің басшысы Газ және газбен жабдықтау заңының нормаларымен бірыңғай көтерме бағаны енгізу қарастырылғанын атап өтті. Осы орайда былтырғы жыл бойы Үкімет өңір әкімдерімен бұл мәселені айтарлықтай белсенді талқылады.

Премьер-Министр бұл мәселе объективті екенін және көтерме баға мәселелеріне өркениетті түрде келу керек екенін атап өтті.

«Сондықтан да 2014 жылдың 1 мамырынан бастап газға көтерме баға енгізіледі. Бұл өз кезегінде барлық өңірлерде газбен қалыпты қамтамасыз етуді реттейді», - деп түйді С. Ахметов.

АСТАНА. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Мұнай-газҚР ҮкіметіҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту