Премьер-министр Мұнай және газ министрлігіне отандық өңдеу зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін ойластыруды тапсырды

размер шрифта: Aa | Aa
28.01.2014 09:48

Премьер-министр Серік Ахметов Мұнай және газ министрлігіне жаңғыртылғаннан кейін отандық мұнай өңдеу зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.


«Біздің МӨЗ қайта қалпына келтіру бағытында үлкен жұмыс жүріп жатыр. Бұл жұмыстарды 2016 жылы сөзсіз аяқтау керектігін атап өткім келеді. (...) Дегенмен, біз 2 млн тоннаға жуық мұнай өнімдерін сырттан әкелеміз», - деді С.Ахметов дүйсенбі күні министрлікте өткен алқа отырыста.
«Тапшылық алдағы уақытта да сезілмей қоймайды. Мемлекет басшысы бірінші тоқсанда тағы бір МӨЗ салу мәселесін нақтылап алуды тапсырды. Біз бұл мәселені сол себепті талқылап отырмыз. Бірінші тоқсанда біз бұл мәселені шешіп, мемлекет басшысына ұсыныстарымызды жеткізуіміз керек. Бұдан әрине, отандық МӨЗ шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Бұл мәселе министрліктің ерекше бақылауында болуы тиіс деп ойлаймын», - деді премьер.
«Қазір бізде көмірсутегі шикізатын барлау мен өңдеуге 200-ден астам келісімшарт тіркелген. Өндіру мен барлауға қатысқысы келетін инвесторлар жетіп артылады. Министрлік «ҚазМұнайГазбен», орталық мемлекеттік органдармен және Геология комитетімен бірлесе отырып, экономиканың осы саласындағы түсініктерді нақтылап алуы тиіс», - деп қосты ол.
Үкімет басшысы «ережелер ашық әрі инвесторлар үшін барынша түсінікті болуы керектігін» қадап айтты.

Астана. 27-қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту