"ҚазТрансГаз" 2013 жылы шоғырланған пайдасын 80% арттырды

размер шрифта: Aa | Aa
03.02.2014 08:53

"ҚазТрансГаз" АҚ-ның шоғырландырылған пайдасы 2013 жылы 51 млрд теңгені құрады, бұл жоспарланған көрсеткіштен 66% және 2012 жылғыдан 80% жоғары, деп хабарлады жұмада компанияның баспасөз қызметінен.

Ақпаратта атап өтілгендей, магистральды газ құбырлары бойынша тасымалданған газдың көлемі 110,14 млрд текшеметрді құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштен 1,03% жоғары.
Есептік мерзімде 11,998 млрд текшеметр табиғи газ сатылды, бұл 2012 жылға қарағанда 3,6% артық.
Өткен жылы "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобының бюджетке төлеген салығының жалпы сомасы 60 млрд теңге.

Алматы.31 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту