«ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» компаниялар тобының ұжымдарында Елбасы Жолдауын іске асыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмысы басталды

размер шрифта: Aa | Aa
31.01.2014 17:05
Ағымдағы жылғы 30 қаңтарда «ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» АҚ Басқарма төрағасы Д. Тиесовтің «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) активімен кездесуі өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл кездесуде Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту жобасы және Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауыніске асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Д. Тиесов дуалды оқыту жөніндегі кеңеске қатысып, Павлодар химия-механикалық колледжінде болды. 

Елбасы өз Жолдауында дуалды техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің өзегін қалыптастыруды, жастардың техникалық білім алуына мемлекеттің кепілдік беруіне көшуді тапсырған болатын.

2013 жылдан бастап Павлодар мұнай-химия зауыты, Павлодар химия-механикалық колледжі және Павлодар облысының білім беру басқармасы арасында жасалған әлеуметтік серіктестік туралы шарт шеңберінде колледждің 40-тан астам студенті дуалды оқыту жүйесі бойынша тәжірибеден өтуде, ол теориялық және практикалық білімді бір уақытта алу болып табылады (60%  - зауытта оқу уақыты, 40%  - колледжде оқу уақыты).  

ПМХЗ-ның дуалды оқытуды ұйымдастыруға арналған қаражатына оқу полигоны мен зертхана, ПХМК-де - өндірістік шеберханалар ашылды. Зауытта тәлімгерлік институты жұмыс істейді, технологиялық қондырғылар операторы, электрмонтер және бақылау-өлшеу приборлары және автоматика слесарь тәлімгерлерінің қосымша штат бірліктері енгізілуде. 

Ресми сапар барысында бас мердігер - «Rominserv» компаниясымен ПМХЗ-ды жаңғырту жобасын іске асыру мәселелері де талқыланды.

 2013 жылы зауыт жұмысшыларын әлеуметтік қолдауға 702 млн. теңге жұмсалды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда, шамамен 40 есеге артық.

Жұмыскерлерге арналған әлеуметтік пакет анағұрлым кеңейді.  

ПМХЗ еңбек ұжымының өкілдері Елбасының жаңа бастамаларын қолдағанын атап өткен жөн.

«ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» АҚ басшылығының Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі кездесулері «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ, «Атырау МӨЗ» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Сaspi Bitum» ЖШС еңбек ұжымдарында Астана, Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтау қалаларында өткізілетін болады.

 АСТАНА. 30 қаңтар.  ҚазАқпарат 

Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»Қазақстан- 2050 СтратегиясыЖолдауМұнай-газПавлодар облысы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту