Жалағаш ауданының тұрғындары көгілдір отынның игілігін көреді

размер шрифта: Aa | Aa
03.02.2014 09:07
Сыр өңірінің Жалағаш ауданында АГРС автономиялы газ тарату орталығының құрылысы басталды. Ел үшін игілігі мол болмақ бұл нысан үстіміздегі жылы салынып бітуі тиіс, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Аудан әкімі Серік Сермағанбетовтің айтуынша, 2015 жылы кент орталығындағы үйлерге газ тартылып, әрбір отбасы көгілдір отынды тұтына алады. Ал 2016-2017 жылдары аудан орталығына жақын орналасқан елді мекендер мен шалғай ауылдарға газ тарту жұмыстарын қолға алу жоспарланып отыр. 

 ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат 
Ключевые слова: Қызылорда облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту