Еліміздің әр өңірі үшін газдың әртүрлі бағасы енгізіледі

размер шрифта: Aa | Aa
05.02.2014 10:24
 - Қазақстанның әр өңірі үшін газды сатып алуға дифференциалды баға енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

Әлеуметтік аспектілер, газ ресурстары және оның ағымдағы бағасы ескеріле отырып, әр облыс үшін көтерме бағаны анықтауда бөлек қадамдар пайдаланылмақ. 
«Бағаны қалыптастыру тұжырымдамасы ұлттық оператормен бірде бір өңірден табыс жасауды қарастырмайды. Газға ұсынып отырған бағалардың өзінде ұлттық оператор ішкі нарықта осы отын түрін сатудан шығынға бататын болады», - деп нақтылап өтті министр. 
Айта кетейік, бүгінде ҚР Мұнай және газ министрлігі Қазақстанның газ саласын дамытудың тұжырымдамасын әзірлеуде.

АСТАНА. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Мұнай-газҚР Мұнай және газ министрлігіЭкономика
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту