Қазақстан газдың жаңа кен орындарын игеруді жоспарлап отыр

размер шрифта: Aa | Aa
05.02.2014 10:27
Қазақстанда ішкі нарықта газ тапшылығын алдын алу бойынша, сондай-ақ геологиялық жұмыстарды жандандыру мен жаңа газ кен орындарын пайдалануды іске қосу тұрғысындағы жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

Елімізде газ саласын дамыту тұжырымдамасында аудандарға, елді мекендерге және басқа да нысандарға газ тартудың басымдығын анықтау бойынша өлшемдер айқындалады. Осыған сәйкес, газ балансы ауысуы мүмкін. 
Сонымен қатар Ұ. Қарабалин газды даярлау бойынша бірыңғай инфрақұрылымды енгізу, ішкі нарыққа газды жеткізу бойынша көліктік инфрақұрылымды әртараптандыру және басқа да мүмкіндіктер қарастырылатынын атап өтті.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

Ключевые слова: ҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту