Газ бағасының күрт артуына жол берілмейді - ТМРА

размер шрифта: Aa | Aa
05.02.2014 10:28
 Қазіргі кезде ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе тұтыну топтары бойынша тауарлық газға дифференцияланған бағаларды есептеу әдісін әзірлеуде.

«Аталған әдіс халық үшін және жылу энергетикалық компаниялар мен ҮИИД МБ аясындағы жобалар бойынша газ бағасының күрт артуына жол бермейді», - делінген агенттік баспасөз қызметінің мәліметінде. 
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1 мамырдан бастап әр өңір бойынша дифференцияны ескере отырып, тұтынушылар үшін соңғы баға бекітіледі. 
Атап айтқанда, кейбір өңірлерде газ бағасының деңгейі артқан жағдайда, онда бұл өзгерістер белгіленген инфляция дәлізі аясында жүзеге асырылады. Осы орайда бүгін өткен Үкімет отырысында бұл мәселеге Премьер-Министр Серік Ахметов айрықша мән беру керек екенін атап өтті. 
Агенттікте реттеуші ретінде аталған тапсырманы орындау үшін барлық заңнамалық тетіктер бар.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігіЭкономи
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту