Орал институты Қазақстанның мұнай саласын құрылғымен қамтамасыз етеді

размер шрифта: Aa | Aa
06.02.2014 10:46
«Орал ғылыми-зерттеу технологиялық институты» АҚ (ОралҒЗТИ) Қазақстанның мұнай саласына жабдықтар дайындап, жеткізеді.

Бұл туралы қазақстандық жұмыс тобы мен институт жетекшілерінің кездесуінен кейін мәлім болды.  

Баспасөз мәліметінің деректеріне қарағанда, «ОралҒЗТИ» ААҚ  2007 жылы Ақтау қаласында салған құбыр жөндеу цехын жаңғыртуға арналған құрылғының бір бөлігі жасалып, өндіріс орнында тұр.  

«Құбырларды таңбалауға арналған жабдық тиелді,  құрылғыларды гидрозерттеу жабдығындағы балқытып біріктіру жұмыстары аяқталды. Заманауи оптикалық лазерлік тетіктер негізінде құбырлардың ұзындығын өлшеу қондырғысын құрастыру қызу жүргізілуде», - делінген «ОралҒЗТИ» ААҚ  баспасөз қызметінің ақпаратында.

«ОралҒЗТИ» ААҚ  мен «ПромИнвест Алматы» ЖШС (Қазақстан) арасындағы келісімшарт 2013 жылдың қыркүйек айында жасалған.

ОралҒЗТИ-да атап өткендей, қазақстандық мамандардың мұнай қондырғыларына деген сұранысы артуда. Бұл Қазақстанның Маңғыстау облысындағы жаңа ұңғымалар мен кен ошағын игеруінің арқасында мүмкін болып отыр.

САНКТ-ПЕТЕРБОР. ҚазАқпарат 

Ключевые слова: Қазақстан және РесейМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту