Шымкентте ірі кәсіпорындарға газ беру тоқтатылды

размер шрифта: Aa | Aa
06.02.2014 10:48
  Газдың болмауы салдарынан Шымкентте ірі кәсіпорындарға газ беру тоқтатылды.

Сонымен, қалалық әкімдіктің деректеріне сүйенсек, 17 кәсіпорынға газ беру толықтай тоқтатылды, 30 кәсіпорынға газға шектеумен жеткізіледі. Бұл жеке тұлғалар үшін қосымша газ бөлуге мүмкіндік берді.

Айта кетейік, осы жайттың салдарынан аязды күндері 2 мыңнан астам абонент газсыз қалды. Оның көбісі жекеменшік үйдің тұрғындары. Бүгін газдың болмағандығына шымқаланың көпқабатты үйлерінің тұрғындары да шағымдануда. Қалалық әкімдік қызметкерлері әлеуметтік нысандарға көгілдір отын үздіксіз беріледі деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, газбен жабдықтаудағы іркілістер апта басында, Өзбекстан Қазақстанның оңтүстік өңіріне газ жеткізуді бірден қысқартқаннан кейін орын алды. Жеткізілетін газ қысым сағатына 430 мың куб метрден 120 мың кубметрге дейін төмендеп кеткен.

ШЫМКЕНТ.ҚазАқпарат 



Ключевые слова: Мұнай-газОңтүстік Қазақстан облысы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту