Бүгінде ОҚО мен Жамбыл облыстарына газ артығымен беріліп отыр - «ҚазТрансГаз» Бас директоры

размер шрифта: Aa | Aa
10.02.2014 17:40
Бүгінде ОҚО мен Жамбыл облыстарына газ артығымен беріліп отыр.Бүгін өткен баспасөз мәслихатында «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Серік Сұлтанғали өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысының кейбір елді мекендеріне газ берілмей қалу мәселесіне байланысты осылай айтты.

«ҚазТрансГаз» АҚ өзбек, қытай және ресейлік әріптестерімен бірқатар келіссөздер жүргізді. Қол жеткен уағдаластықтар нәтижесінде «Қазақстан-Қытай» және «БГА-ТБА» газ құбырлары арасындағы 2 тосқауыл ашылды. Жиынтығында Қазақстанның оңтүстігіне қосымша 550 мың текше метр газ берілді», - деп атап өтті С. Сұлтанғали.

Оның айтуынша, елдің оңтүстігінде тұтыну көлемі сағатына 909 мың текше метр болса, осы шаралардың нәтижесінде қазіргі уақытта сағатына 1 042 мың текше метр газ ресурсы қалыптасқан. Яғни сағатына 133 мың текше метр көлемінде профицит қалыптасты.

«Бұл ОҚО мен Жамбыл облыстарының халқы үшін газ беруге қойылған шектеулерді толығымен алып тастауға мүмкіндік жасады», - дейді С. Сұлтанғали.

Айта кетейік, компания басшысы оңтүстік өңірлерді газбен қамтуда туындаған мәселелердің екі себебін айтты. «Бұл Өзбекстандағы ерекше суық ауа райы мен қысымның қалыптан тыс түсіп кетуіне оңтүстік өңірлердегі ірі кәсіпорындардың уақтылы ден қоймауы деп атап өтті ол.

«ЖЭО сияқты ірі кәсіпорындар қолда бар резервтік отынға уақтылы көшкен жоқ, соның салдарынан газ реттеуші пунктер өздігінен істен шыға бастады да, жекелеген шалғай өңірлерге газ бармай қалды», - деді С. Сұлтанғали.

АСТАНА.10 Ақпан 2014. ҚазАқпарат



Ключевые слова: Мұнай-газҚоғамБасқа меморгандар
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту