2016 жылы «Бейнеу-Бозой» учаскесін іске қосқан соң елдің оңтүстігіне газ жеткізу мәселесі толық шешіледі - «ҚазТрансГаз» басшысы

размер шрифта: Aa | Aa
10.02.2014 17:43
 2016 жылы ұзындығы 311 шақырымдық «Бейнеу-Бозой» учаскесін іске қосқан соң елдің оңтүстігіне газ жеткізу мәселесі толық шешіледі.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Серік Сұлтанғали мәлімдеді.

«2016 жылы ұзындығы 311 шақырымдық «Бейнеу-Бозой» учаскесін іске қосқан соң ББШ магистралі толық жобалық қуатқа шығады және елдің оңтүстігіне газ жеткізу мәселесі шешіледі», - деді ол.

Компания басшысының айтуынша, бүгінде қолда бар ресурстар, атап айтқанда «Бозой-Шымкент» жаңа газ құбыры газбен жабдықтауды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Бозой-Шымкент» учаскесі қазіргі кезде жылына 2,5 млрд. текше метр көлемінде газ тасымалдай алады. Жаңа магистральдің қазірдің өзінде газ құбырының бойында жатқан 500 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Осындай пункттердің бірі - Түркістан қаласы. Оған «ҚазТрансГаз» АҚ өткен жылдың желтоқсан айында табиғи газ жүргізген болатын.

«Түркістан қаласына түйісетін газ құбырын пайдалануға енгізіп, біз газды қаланың іргесіне дейін жеткіздік. Ал ішкі желілерді жергілікті билік органдары өздері жүргізеді. Бүгінде Түркістан әкімдігі осы мәселеге қатысты белсенді жұмыстар атқарып жатыр», - деді С. Сұлтанғали.

АСТАНА.10 Ақпан 2014. ҚазАқпарат
Ключевые слова: Мұнай-газБасқа меморгандарҚоғам
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту