«ҚазТрансГаз» жылдың соңына дейін Алматыда 5 газ құю стансасын салмақ

размер шрифта: Aa | Aa
11.02.2014 10:47
 «ҚазТрансГаз» ағымдағы жылдың соңына дейін Алматыдағы газ құю стансаларын 5-ке жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін компания басшысы Серік Сұлтанғали баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Қазір біз Алматыдағы барлық жеке секторды газбен жабдықтадық. Өздеріңіз білесіздер, Алматыдағы экологиялық ахуалды тез арада жақсарту қажет. Сондықтан газбен жүретін көліктерге арналған газ құю стансаларын жыл соңына дейін 5-ке жеткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір онда тек бір ғана станса тұр, онда 200 автобус пен 100-ден астам жеңіл көлікке қызмет көрсетіледі», - деді С. Сұлтанғали.

АСТАНА.10 Ақпан 2014. ҚазАқпарат



Ключевые слова: Мұнай-газАлматы
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту