Жанар-жағар майдың реттелетін түрлеріне баға 1-тоқсанда өзгермейді –Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

размер шрифта: Aa | Aa
14.02.2014 09:14

 Жанар-жағар майдың реттелетін түрлеріне баға 2014 жылдың 1-тоқсанында өзгермейді, деді Табиғи монополияларды реттеу мемлекеттік агенттігінің жетекшісі Мұрат Оспанов.

Бұл туралы ол Астанада бейсенбіде президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Мемлекет мұнай өнімдерінің бөлшек саудасының шекті бағасын белгілейді. Алайда көтерме саудада мұнай өнімдерінің құнын мемлекеттік реттеу көзделмеген.
Қазіргі уақытта мынадай шекті бағалар белгіленген: Аи-80 литрі - 89 теңге, Аи-92 - 115 теңге, дизель отыны - 102 теңге.

Астана.13 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту