Астананы газбен отандық ресурстар есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда - «ҚазТрансГаз» АҚ

размер шрифта: Aa | Aa
11.02.2014 10:14
Астананы газбен отандық ресурстар есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы кеше «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Серік Сұлтанғали елордадағы баспасөз мәслихатының барысында мәлім етті.

«Астананы газбен қамтамасыз ету - Мемлекет басшысының тапсырмасы. Алғашқы нұсқа бойынша ресейлік газбен қамту қарастырылған болатын, бірақ та мұны біздің үкіметіміз қолдамады. Біріншіден, қымбат, екіншіден, ресурстың өзіне қатысты айтар болсақ, біреудің газы, бүгін бар, ертең жоқ, мұны біз Өзбекстанның мысалынан көріп отырмыз. Сондықтан да екінші нұсқа - «Бейнеу-Бозой» және басқа да магистальдарды қоса алғанда, өз ресурстарымыз есебінен қамтамасыз етуді қарастырудамыз. Мұндай мүмкіндік бар. Бұған қаржылық шығындар қажет. Бәрін де есептеу керек, біз осы жұмыспен айналысудамыз. Бұл мәселе ерекше бақылауда тұр», - деп атап өтті С.Сұлтанғали.

 Еске сала кетейік, газ мәселесі елдің оңтүстік өңірлеріне оны жеткізу проблемаларымен байланысты ушығып кетті, бүгінгі таңда бұл мәселе шешілді.

АСТАНА. ҚазАқпарат. 11 Ақпан 2014

Ключевые слова: АстанаМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту