Жанар-жағар май бағалары өзгерген жоқ және өзгермейдi - ТМРА

размер шрифта: Aa | Aa
13.02.2014 15:18
Биылғы жылдың бiрiншi тоқсанының соңына дейiн реттелетiн жанар-жағар майдың қазiргi бағалары өзгермейдi, дейдi ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң төрағасы Мұрат Оспанов. 

"Өздерiңiзге белгiлi, АИ-80, АИ-92/93 маркалы бензинiне және дизель отынына мемлекеттiк реттеу қолданылады. АИ-95-96 және АИ-98 бензинiне баға реттелмейдi және бәсекелес нарықта қалыптасады", - дедi ол бүгiн Астанада Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте. 

Мемлекет реттейтiн мұнай өнiмдерiн сату кезiнде шектi бағаларды асыруға қатаң тыйым салынады. 

"Интернетте Алматы қаласының бiрқатар жанар-жағар май стансаларында баға көтерiлгенi туралы ақпарат тарады. Бiрақ ол фактiнi тексеру кезiнде ешқандай жерде баға көтерiлмегенiн анықтадық. Сыбыс әңгiме расталмады", - дедi ол. 

 АСТАНА. ҚазАқпарат13 Ақпан 2014
Ключевые слова: Мұнай-газҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту