Теңге бағамының өзгеруiне Қашаған кенiшiнiң еш қатысы жоқ - Мұнай және газ министрi

размер шрифта: Aa | Aa
14.02.2014 14:02
Теңге бағамының өзгеруiне дер уақытында мұнай өндiру басталмаған Қашаған кенiшiмен байланыстыруға болмайды, деп есептейдi ҚР Мұнай және газ министрi Ұзақбай Қарабалин.

"Жер қойнауын пайдалану келiсiмшарттарына қарайтын болсақ, кенiштi пайдаланудан түсетiн пайда негiзiнен инвестицияны өтеуге жұмсалады. Қалған сома консорциумның өзiне және мемлекетке түседi. Инвестицияның толық өтелуiне дейiн алғашқы кезеңдерде негiзiнен инвесторларға басымдық берiледi. Себебi олардың салған қаражаттары аса үлкен және оны тезiрек өтеуге мүмкiндiк жасалады. Сондықтан бiрiншi жылы республика табысы мұндай кенiштерден көп емес болады. Қашаған мұнай кенiшiнен үлкен пайда түседi деп ешкiм күткен де емес. Және ол теңге бағамының өзгертiлуiне еш ықпал ете алмайды", - дедi министр бүгiн Астанада Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте. 
Айта кетейiк, интернетте теңге бағамының өзгеруiне Қашаған кенiшiндегi мұнай өндiрудiң кешiктiрiлуi себеп болды деген пiкiрлер жиiлеп кеткен болатын. Олардың ойынша, Қашағаннан түсуi тиiс болған қаражат теңге бағамын ұстап тұруға жұмсалуы керек еді. 

АСТАНА. ҚазАқпарат13 Ақпан 2014

Ключевые слова: ЭкономикаМұнай-газҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту