Бірінші тоқсанда жанар майдың бағасын ұстап тұрамыз - Ұ. Қарабалин

размер шрифта: Aa | Aa
14.02.2014 17:46
Жылдың бірінші тоқсанында біз жанар майдың бағасын ұстап тұрамыз. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2013 жылы елімізде 14,3 млн. тонна мұнай қайта өңделді. 2,7 млн тоннадан астам бензин өндірілді. Ал 1,3 млн тонна жанармай импортталып, ішкі тұтыну 4 млн тоннаға жеткен. Сонымен қатар, 4,2 млн тонна дизельдік отын өндіріліп, 700 мың тонна сырттан әкелінген. Ішкі тұтыну 4.8 млн тоннаға жеткен. Жанармайдың екі түрінен де мұнай базаларында сәйкесінше 370 мың және 200 мың тонна сақталған.

"Биылғы жоспарымыз да осы шамалас болмақ. 1 млн 69 мың тонна импортталатын жанар майды Ресейден әкелеміз», - деді министр.

Оның мәліметтерінше, биыл 2,9 млн тонна бензин өндіріледі. Ал ішкі тұтыну 4,2 млн тоннаға жетеді. Дизельдік отын 4,2 млн тонна өндірілсе, ішкі тұтыным 5 млн тоннаға жуық болады. 600-650 мың тоннасы сырттан әкелінеді.

«Сонымен қатар, қазіргі қолда бар қорымыз алдағы 30-45 күнге бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ұ. Қарабалин.

Оның айтуынша, шекараның ашықтығы ресейлік мұнай өнімдерін Қазақстанға тасуда бұған дейін еш қиындық қуғызған емес. «Теңге бағамының өзгеруіне байланысты жеткізушілер мен сатып алушылардың қызығушылықтары қандай екенін біз әлі толық білмейміз. Біздің ойымызша, теңге бағамының түзетілуі бұған дейінгі барлық жеңілдіктерді жоя алмайды. Қазір біз нарықты зерттеп-зерделеп, мұнай өнімдеріне деген бағаны сақтап тұруға барлық шараларды қабылдайтын боламыз», - деп атап өтті Мұнай және газ министрі.

АСТАНА. ҚазАқпарат13 Ақпан 2014

Ключевые слова: Мұнай-газҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту