Н. Назарбаев газ секторын дамытуға айрықша мән беруді жүктеді

размер шрифта: Aa | Aa
14.02.2014 17:49
Бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2030 жылға дейінгі газ секторын дамытудың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

Осы мәселе бойынша Мемлекет басшысы ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа тыңғылықты жұмыс істеуді тапсырды.
Бұл тұрғыда Президент еліміздің газ ресурстарын есептеп, мұнай-газ компанияларымен тиісті жұмыстар атқарып, газды өндіру жолдарын толық зерделеп, оны ел ішінде пайдалану жолдарын қарастыруды тапсырды.
«Экономиканы дамыту үшін бұл өте маңызды мәселе. Осы мәселе бойынша Үкіметке ұсыныс енгізіңіздер», - деп түйді. Н. Назарбаев.

АСТАНА. ҚазАқпарат13 Ақпан 2014


Ключевые слова: ҚР ҮкіметіҚР Мұнай және газ министрлігі«ҚазМұнайГаз»Қазақстан Президенті
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту