Павлодар мұнай-химия зауыты энергия менеджменті жүйесіндегі сәйкестік сертификатын иеленді

размер шрифта: Aa | Aa
20.02.2014 15:32
 Кеше халықаралық сертификаттау жүйесінің өкілдері «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ға  ISO 50001:2011 «Энергия менеджменті жүйесі» стандартына сәйкестігі сертификатын тапсырды, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұл зауыт «ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» АҚ 100% еншілес ұйымы болып табылады.

ISO 50001:2011 «Энергоменеджмент жүйесі» стандартына өту әксіпорында инновациялар мен энергия тиімділігін арттыру саласын дамыту аясында жүзеге асырылады. Мұндағы негізгі мақсат - өнімге, компаниялар тобының операциялық үлгісіне қатысты инновацияларды қолдану, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі бойынша концепциясын іске асыруға қатысу.

2013 жылы аталмыш зауыт қондырғыларының құбырлары мен технологиялық аппараттарындағы жылу оқшаулағыштарының 18 мыңнан аса шаршы метрі жаңартылды. Мұнайға арналған тоғыз резервуар жемірілуге қарсы және жарыққайтарғыш жабынмен өңделді.

Осы және тағы да басқа бірқатар жаңартулардың негізінде ПМХЗ өткен жылы электр энергиясын тұтынуды 7,4%-ға, отын тұтынуды 11,6%-ға, жылу энергиясын тұтынуды 6,2%-ға төмендете алды.

Сондай-ақ өткен жылы Ресей Федерациясының, Украина мен Қазақстанның халықаралық сарапшылары осы зауытта Павлодар облысының кәсіпорындары ішінде энергоменеджмент жүйесіне сертификаттау аудитін алғашқы болып жүргізді.

Жаңа энергоменеджменті сертификатымен ПМХЗ көптеген басымдыққа ие болды. Енді басты назарға энергияны үнемдеу және энергиялық тиімді технологиялар мен құрал-жабдықты пайдалану, жасыл технологияларды енгізу, энергия тиімділігін арттыру көрсеткіштерін жақсарту, құрал-жабдық пен технологиялық үдерістерді сатып алу және жобалау кезіндегі энергия тиімділігі критерийлерін есепке алу, энергияны тұтыну жүйесін жетілдіру алынады.

Зауытта 2014 жылға арналған жоспар құрастырылды, ол энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі 20-дан аса іс-шарадан тұрады.

Энергоменеджментін енгізумен бірге зауыт тағы бір жаңа стандарт - әлеуметтік жауапкершілік стандартына сәйкес жұмыс қағидаттарына ауысты.

31 қаңтарда «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ПМХЗ  әлеуметтік жауапкершілік менеджменті жүйесінің ҚР СТ 1352 (SA 8000) ұлттық және халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін растады.Аталмыш мекеменің мәліметтері бойынша елімізде бүгінгі күні бұл стандарт бойынша қолданыстағы сәйкестік сертификаттарына үш кәсіпорын ие.

АСТАНА. ҚазАқпарат19 Ақпан 2014
Ключевые слова: Павлодар облысыМұнай-газ«ҚазМұнайГаз»
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту