Қашағандағы апат себептері наурыз айының соңына дейін белгілі болады

размер шрифта: Aa | Aa
20.02.2014 10:35
Қашаған газ құбырындағы апаттық жағдайларды тудырған себептерді тергеу ісі жалғасып жатыр. Оның қорытындысы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін жарияланады, деп хабарлады NCOC компаниясының баспасөз қызметінен.

Берілген ақпарат бойынша, Қашаған кен орнынан жер бетінде орналасқан «Болашақ» құрылғысына баратын газдың жетпей қалуына құбырлардың сульфидті жарылуы себеп болған. Компания құбырдың зертханалық анализдері мен оның үлгілерін модельдеу қазіргі уақытта Қашаған кен орнындағы құбырдың техникалық талаптары жұмысқа қолайлы болғанын мәлім етті. Ал құбыр H2S бар ортада және суда пайдалануға төзімді болатындай етіп жасалған.

Құбыр неліктен жарылған деген басты сұраққа жауапты бұзылған құбырларды зерттеп жатқан ғалымдар беруі тиіс. Содан кейін ғана «Д» теңіз аралынан құрғақ жерге дейін тартылған барлық үш құбыр жүйесін немесе оның жекелеген учаскелерін ауыстыру туралы шешім қабылданатын болады.

АТЫРАУ. ҚазАқпарат.19 Ақпан 2014


Ключевые слова: Атырау облысыМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту