Геологиялық зерттеулер орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды

размер шрифта: Aa | Aa
21.02.2014 13:07
 ҚР ИЖТМ «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов және «Nazarbayev University Research and Innovation System» бас директоры Қанат Байғарин Қазақстанның Геологиялық зерттеулер орталығын құру туралы меморандумға қол қойды.

Бұл туралы ИЖТМ ақпарат басқармасынан хабарлады.

Бұл жоба Мемлекет басшысының елімізде геологиялық кластерді дамыту туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Бұрын хабарланғандай, «Назарбаев Университеті» жанында Инновациялық-зияткерлік кластер құрылуда, оның негізгі бөлігі ғылыми парк болмақ. Өз кезегінде, Ғылыми парк геология, АКТ, биомедицина және т.б. салалардағы неше түрлі ғылыми-техникалық кластерлерден тұрады.

Ғылыми парктің ең басты жобасы Геологиялық кластер болып табылады, ол өзінде Колорадо Тау ісінің мектебімен (Colorado School of Mines) бірге Тау ісінің мектебін және Жер туралы ғылымдар институтын, сондай-ақ ҚР ИЖТМ «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ-мен бірге ҚР Геологиялық зерттеулер орталығын қамтитын болады. 

Бүгін қол қойылған Меморандумның мақсаты - Қазақстанның және жақын әрі алыс шет елдерінің минералдық және көмірсутекті шикізатының, қатты пайдалы қазбалардың және жер асты суларының кешенді геологиялық, геохимиялық, минералогиялық, тәжірибелі-өнеркәсіптік, эксперименталды және ғылыми-қолданбалы зерттеулерін жүзеге асыру үшін Геологиялық зерттеулер орталығын құру аясында ынтымақтастықты орнату.

Вице-премьер Әсет Исекешев Геологиялық зерттеулер орталығын құру Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі инфрақұрылымды, ғылыми-зерттеу зертханаларын жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұл, өз кезегінде, талдамаларды елімізде жүргізу есебінен геологиялық материалдарды өңдеуге бөлінетін қаржы шығындары мен уақытты айтарлықтай қысқартады.    

Геологиялық Зерттеулер Орталығы 4 блоктан тұратын болады: әкімшілік-кеңселік, зертханалық-талдау, керн сақтау қоймасы, сондай-ақ тәжірибелі-өнеркәсіптік және эксперименталдық блоктар.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы минералдық-шикізат базасының орнын толықтыруға, Қазақстан Республикасының экономикасын орнықты дамытуға көмектесу үшін геологиялық барлауға инвестициялар мен инновациялық технологияларды тартуға бағытталған.

АСТАНА. ҚазАқпарат.21 Ақпан


Ключевые слова: Басқа меморгандарМұнай-газПрезидент тапсырмалары
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту