С.Ахметов «Самұрық-Қазына» мен «ҚазМұнайГаз» компанияларының жыл қорытындысына арналған отырыстарына қатысады

размер шрифта: Aa | Aa
02.02.2014 13:14
 С.Ахметов «Самұрық-Қазына» мен «ҚазМұнайГаз» компанияларының жыл қорытындысына арналған отырыстарына қатысады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Осы аптада Қазақстанның Үкімет басшысы Серік Ахметов «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның жыл қорытындысына арналған отырыстарына қатысады», - деді ресми өкіл.

Сонымен бірге оның атап өтуінше, Премьер-Министр ҚР Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа мәжілістеріне қатысуды көздеп отыр.

«Осы орайда ОКК-де 27 ақпан мен 4 наурызда «Самұрық-Қазына» мен «ҚазМұнайГаз» басшыларының қатысуымен брифинг ұйымдастыру жоспарланып отырғандығына назар аударғым келеді», - деді А.Әбибуллаев.

АСТАНА. ҚазАқпарат24 Ақпан

Ключевые слова: «Самұрық Қазына» ҰӘҚМұнай-газҚР Премьер-Министрі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту