Биыл «ҚазМұнайГаз» үшін оңай жыл болмайды - С.Мыңбаев

размер шрифта: Aa | Aa
25.02.2014 19:18
  Биыл ішкі нарыққа мұнай жеткізу жүктелімі күрт артады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен өтіп жатқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның алқа мәжілісінде компания басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Ағымдағы жыл компания үшін оңай болмайтындығын баса айтқан ол: «Өзіңіз білетіндей 2014 жылдың 1 қаңтарынан ресейлік мұнайды салықсыз жеткізудің тоқтатылуына байланысты ішкі нарыққа мұнай жеткізуде жүктелім күрт артып кетеді. Бұл теңгенің девальвацияға ұшырауы аясында ҚМГ-нің қаржылық көрсеткіштеріне әсер ететіндігі сөзсіз», - деді.

АСТАНА. ҚазАқпарат. 25 Ақпан

Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»Мұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту