С.Мыңбаев: «Қашаған» мұнайы қашан өндіріле бастайтындығы белгісіз

размер шрифта: Aa | Aa
26.02.2014 13:21
 «Қашаған» мұнайы қашан өндіріле бастайтындығы белгісіз. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен өтіп жатқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның алқа мәжілісінде компания басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Қашағанға байланысты айқындық жоқ. Шығындар жалғасуда және олар 2013 жылдың 1 қазанынан бері қайтарылмай келеді», - деді ол.

Компания басшысының атап өтуінше, бұл жайт республика үшін жаман емес. Ал ҚМГ мен аталған жобадағы басқа да бірқатар мердігер компаниялар үшін оның теріс жақтары бар.

«Бұған қоса мұнай өндіру мерзімі де айқындалған жоқ», - деді С.Мыңбаев. 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат. 24 Ақпан

Ключевые слова: ҚР ҮкіметіҚР Мұнай және газ министрлігіМұнай-газЭкономика
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту