«ҚазМұнайГаздың» бірқатар еншілес акционерлік қоғамдары жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналады

размер шрифта: Aa | Aa
26.02.2014 13:22
  «ҚазМұнайГаздың» бірқатар еншілес акционерлік қоғамдары жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен өтіп жатқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның алқа мәжілісінде компания басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«2014 жылы бірқатар акционерлік қоғамдар жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналады. Бұл үдеріс қазірдің өзінде басталды. Жалпы, көлбеу ықпалдасқан компанияларда ең бастысы ұлттық компанияның құрамына кіретін барлық компаниялардың іс-қимылдарындағы жоғары үйлесімділік әрі қатаң атқарушылық тәртіп», - деді ол.

Компания басшысының атап өтуінше, бұл тұрғыдан алып қарағанда, еншілес компаниялардағы бірқатар директорлар кеңесінің жұмысы уақыт өткізу әрі ақша шашу болып саналады.

«Әрине, мұндай өзгерістер барлық компанияда бірдей жүргізілмейді. Мәселен, «ҚазТрансойлға» еш қатысы жоқ, ол жария компания», - деді С.Мыңбаев.

 АСТАНА. ҚазАқпарат25 Ақпан

Ключевые слова: Мұнай-газЭкономикаҚР ҮкіметіҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту