«ҚазМұнайГаз» базасында «КМГ drilling and service» компаниясы құрылады

размер шрифта: Aa | Aa
26.02.2014 13:24
«ҚазМұнайГаз» базасында «КМГ drilling and service» компаниясы құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен өтіп жатқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның алқа мәжілісінде компания басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Бұрғылау және сервис саласындағы ҚМГ-нің барлық бытыраңқы активтерінің базасында «КМГ drilling and service» бірлескен компаниясы құрылатын болады», - деді ол.

С.Мыңбаевтың атап өтуінше, оның құрамына «Теңіз бұрғылау», «Ойл транспорткомпани», «Ойлсервискомпани» сынды компаниялардың бастарын біріктіретін болады.

«Бұл ұйымдастыру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтау қажет. Бүгінде бұл компанияларда ортақ мәселелер тым аз, технологиялық деңгейлері мүлдем бөлек», - деді ол.

АСТАНА. ҚазАқпарат 25 Ақпан

Ключевые слова: ҚР ҮкіметіМұнай-газЭкономика«ҚазМұнайГаз»
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту