ҚМГ биыл бірыңғай жалақы төлеу жүйесін енгізбек

размер шрифта: Aa | Aa
26.02.2014 13:31
«ҚазМұнайГаз» компаниясы жыл соңына дейін бірыңғай жалақы төлеу жүйесін енгізеді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның алқа мәжілісінде компания басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Ағымдағы жылы біз бірыңғай жалақы төлеу жүйесін енгізуді аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сәуірдің соңына дейін оны  бизнес, барлау, өндіру бағытындағы компанияларымызда енгіземіз», - деді ол.

С.Мыңбаевтың атап өтуінше, аталған жүйе жалпы жұмысшылар саны елу мыңға жететін «Өзенмұнайгаз», ҚМГ және сервистік компанияларда бірінші кезекте енгізілетін болады.

«2014 жылдың соңына дейін мұны басқа да бизнес бағыттарда енгізуге тырысу қажет», - деді компания басшысы.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат25 Ақпан

Ключевые слова: ҚР Үкіметі«ҚазМұнайГаз»Мұнай-газЭкономика
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту