Төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы мәселесі тыңғылықты пысықталуда - Серік Ахметов

размер шрифта: Aa | Aa
26.02.2014 13:32
 - Бүгін «ҚазМұнайГаз» компаниясының кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-Министр Серік Ахметов еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстарын тыңғылықты атқаруды тапсырды.

«Мемлекет басшысы төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы мүмкіндігін қарастыру мақсатын қойғаны белгілі. Біз осы мәселені қазіргі кезде тыңғылықты зерделеудеміз, осы орайда «ҚазМұнайГаз» компаниясы ҚР Мұнай және газ министрлігімен бірлесе отырып, тиісті ұсыныс жасайды деген тұжырымдамыз», - деді С.Ахметов.

Осы орайда Үкімет басшысы қазіргі кезде елімізде қолданыстағы үш мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан соң, яғни 2016 жылдан кейін бірнеше жылдар бойы Қазақстанда мұнай өнімдерінің тапшылығы болмайтынын, алайда кейіннен бұл мәселе туындауы мүмкін екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында 2014 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін Үкімет 4-ші мұнай өңдеу зауыты мен атом стансасы құрылысының мерзімін анықтауы тиіс екенін тапсырған болатын.

 АСТАНА. ҚазАқпарат25 Ақпан

Ключевые слова: Мұнай-газ«ҚазМұнайГаз»Жолдау
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту