ҚМГ мұнайдың әлемдік бағасы құлдыраған жағдайға орай дағдарысқа қарсы жоспар әзірлемек

размер шрифта: Aa | Aa
26.02.2014 13:34
 «ҚазМұнайГаз» компаниясы мұнайдың әлемдік бағасы құлдыраған жағдайға орай дағдарысқа қарсы жоспар әзірлемек. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның алқа мәжілісінде компания басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Біз үшін басты фактор - мұнайдың бағасы. Біздер үшін сезімтал шек барреліне 90 доллар болып табылады. Егер баға ұзақ уақыт бойы шекті деңгейден төмен болса, жоспарды, оның ішінде инвестициялық бағдарламаларды қайта қарау талап етіледі», - деді ол.

Осы ретте С.Мыңбаевтың атап өтуінше, ҚазМұнайГаз компаниясы мұнайдың бағасының өзгеру ықтималдығына орай дағдарысқа қарсы жоспар әзірлеуді қолға алмақ.



АСТАНА. ҚазАқпарат25 Ақпан

Ключевые слова: Мұнай-газЭкономикаҚР Үкіметі«ҚазМұнайГаз»
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту