Газ секторын дамытудың жаңа тұжырымдамасында еліміздің өңірлерін газдандыру мәселесі ескеріледі - С.Ахметов

размер шрифта: Aa | Aa
26.02.2014 13:35
Жақын арада елімізді газбен толық қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұл туралы бүгін «ҚазМұнайГаз» компаниясының кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-Министр Серік Ахметов айтып өтті.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы мен ҚР Мұнай және газ министрлігі алдында 2030 жылға дейінгі газ секторын дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу бойынша үлкен мақсат тұрғанына тоқталған С.Ахметов «Бұл тұжырымдама өте қажет. Өйткені, елімізде газбен қамтамасыз етуде теңгерімсіздік бар екені анық. Бұған мемлекеттің ауқымды аумағы да ықпал етуде. Яғни, жақын арада барша елімізді газбен толық қамтамасыз ету мүмкін емес. Дегенмен батыс және оңтүстік өңірлерге газ тартылды, ал солтүстік пен шығыс өңірлер газсыз аумақтар болып табылады», - деді.

Осы орайда Үкімет басшысы бұл мәселелерді шешу үшін газ секторын дамыту жұмыстары тыңғылықты қарастырылып, тұжырымдамада алда атқарылатын шаралар қамтылуы тиіс екенін тапсырды. 

 АСТАНА. ҚазАқпарат25 Ақпан

Ключевые слова: «ҚазМұнайГаз»ҚР ҮкіметіМұнай-газ
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту