Үкімет басшысы геологиялық барлау саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға ұсыныстар енгізуді жүктеді

размер шрифта: Aa | Aa
26.02.2014 13:36
Бүгін «ҚазМұнайГаз» компаниясының кеңейтілген алқа мәжілісінде Премьер-Министр Серік Ахметов жауапты ведомстволарға геологиялық барлау саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Геологиялық барлау бойынша басымдықты мақсаттардың айқындалғанына тоқталған С.Ахметов бұл жұмыс көмірсутекті шикізат қорының өсімін 10 млн. тонна мұнайға жеткізгенін атап өтті. «Бұған қарамастан, геологиялық барлау көлемін арттыру бойынша жұмыс тұрақты түрде, оның ішінде барлау және өндіру үдерісінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ қазіргі заманғы геологиялық және геофизикалық әдістер есебінен жүзеге асырылуы тиіс», - деді.

«Индустрия және жаңа технологиялар мен Мұнай және газ министрліктеріне, «ҚазМұнайГаз» компаниясына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.

Автор: Руслан Ғаббасов

АСТАНА. ҚазАқпарат. 25 Ақпан



Ключевые слова: Мұнай-газҚР Үкіметі«ҚазМұнайГаз»ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіҚР Мұнай және газ министрлігі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту