2014 жылы Қарашығанақ кен орнындағы қазақстандық тараптың кірісті шикізат үлесі 36%-ға дейін артады - PSA

размер шрифта: Aa | Aa
27.02.2014 10:38
Қарашығанақ ірі мұнай-газ конденсаты кенішін игеру жобасына салынған инвестициялардың өтелімділігіне қол жеткізуге байланысты өнімді бөлу пропорцияларына өзгертулер енгізкүтілуде.у

Жобаның жаңа экономикасы, қазақстандық мазмұн үлесін ерттыру және көмірсутектік шикізат өндіру болжамдары туралы Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивтік сұхбатында «PSA» ЖШС Бас директоры Кенжебек Ибрашев айтып берді. 

- Алдында хабарланғандай, Қарашығанақ кен орнына құйылған инвестициялардың өтелімділік нүктесіне жетумен байланысты жоба өмірінің жаңа кезеңі басталады. Енді қазақстандық тарап кірістің қандай үлесіне үміт арта алады? 

- Қазіргі уақытта Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенішін өңдеуге салынған инвестициялар толығымен ақталды, енді биылғы жылы кірісті шикізатты бөлу пропорциясын Қазақстан Республикасының пайдасына бөлу күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, өнімді бөлу пропорциясын өзгерту дұрыстық индексінің механизмдеріне негізделген, ол өз алдына аталған кен орнын Өнімді бөлу туралы кесімді келісімде көрсетілген. Болжамдарға сәйкес жобаның жалпы табыстылығының біздің еліміз үшін және Karachaganak Petroleum Operating B.V (КPО) түріндегі мердігер үшін де одан әрі өсуі күтілуде. Осылайша, екінші тоқсан Қазақстанға 9%-ға көп кірісті шикізатты алып келеді. Қазақстанның кірісі екі бөліктен тұрады - кірісті шикізат және бюджетке міндетті төлемдер, салықтар. Кірісті шикізат үлесінің артуын есепке алғанда және мердігердің салық салынатын базасының азаюына байланысты Республиканың жалпы табыстылығы 2014 жылы 70 млн долларға артады. Жыл қорытындысы бойынша өнім бөлігіндегі үлесі қазіргі 20%-дан 36%-ға дейін артады деп күтілуде.

- Үкімет жобадағы қазақстандық мазмұнды арттыру бойынша шаралар кешенін қабылдауға мүдделі. Күтілетін жаңалықтар қандай болмақ, және сіздің пікіріңізше, олар мұнай-газ жобаларындағы қазіргі жағдайға қалай әсер етеді? 

- Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасына жаңа технологиялар мен жаңа білімдер тартып, шетелдік компаниялармен бірге инжинирингтік жобалық орталықтар құру қажеттігі міндетін алға қойды. Қарашығанақ жобасы бойынша 2 жыл жұмыс жасап жатқан Ақсай индустриалдық паркін мысалға алуға болады. Қазіргі таңда Жол картасының жобасы әзірленген, онда 9 бағыт қарастырылған, мұнай-газ құрал-жабдығын өндіру, ұңғымалардағы жоғары қысым жағдайында қолдану үшін клапандарды жөндеу, құбырды автоматты түрде тазалау үшін жаңа жүйелер құру және Қазақстанда өндірілмейтін басқалары. Бүгінде Индустриалдық паркті одан әрі дамыту бойынша барлық тараптар - инвесторлар, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі және Мұнай және газ министрлігі арасында қажетті өзара түсіністікке қол жеткізілді. 2010 жылы тауарлардағы, жұмыстардағы және қызмет көрсетулердегі қазақстандық мазмұнның үлесі 17% құрағанын, 2013 жылдың нәтижесі бойынша біз 50% астамға жеткенімізді айта кеткім келеді. Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірге облыстың 8 зауытының және Ақсай Индустриалдық паркінің қатысуымен машина жасау компанияларының консорциумы құрылды. Аталған консорциум келесі жылдары Қарашығанақ бойынша жұмысқа белсенді түрде тартылады. Үкімет берген тапсырмалар аясында Мұнай және газ министрлігімен, Батыс Қазақстан облысыс әкімдігімен, Индустрия министрлігімен және КРО бірге ірі жобалар, оның ішінде Қарашығанақ жобасы шеңберінде жұмыс жүргізілуде. Бұл қазіргі өндірістерді жетілдіруге, жаңа өнідірстер, жаңа жұмыс орындарын құруға қатысты.

- Жобаны дамытудың одан арғы перспективалары қандай? Нақты айтқанда, жобаның үшінші кезеңі қашан іске қосылады деп күтілуде?

- Қарашығанақ жобасы бойынша біз 2М кезеңіндеміз, жылына шамамен 10-11 млн тонна сұйық көмірсутек (мұнай және газ конденсаты) өндіреміз, қыртысқа газдың белгілі бір көлемін пластқа құйып, Орынбор газ өңдейтін зауытқа шамамен 8-9 млрд куб газ сатамыз. Қазіргі уақытта оператор жобаны одан әрі дамытудың түрлі нұсқаларын анықтау бойынша жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылдың ортасында Қарашығанақты дамыту тұжырымдамасын мақұлдауымыз тиіс, 2015-2016 жылдары базалық жобалауды жүзеге асыру белгіленген, ал 2017 жылы жобаны кеңейту бойынша кесімді инвестициялық шешім қабылдау жоспарланған. 2018 жылдан бастап құрылыс басталады, 2022 жылы Қарашығанақты кеңейту жобасы бойынша жаңа кезең аяқталады, және біз жаңа жағдайларда жұмыс жасаймыз.

Ең бастысы - 11 млн тонна көлемінде сұйық көмірсутектерді өндірудің, жылына 8-9 млрд куб метр көлемінде газ сатудың қол жеткізілген деңгейін сақтап қалу. Бұл - шикізаттың үлкен көлемі, бізде соңғы кезде мұндай геологиялық ашылулар Қазақстанда жоқ. Мердігерлік компаниялармен және оператормен (КРО) тығыз қарым-қатынас жасаймыз, біздің мақсатымыз еліміздің экономикасы үшін максималды пайдамен кен орнын игеруді жүргізу. 

- Ұлттық валюта бағамы өзгерген соң өнімге баға қалыптастыру қалай өзгерді? Орынбор ГӨЗ-на газ тасымалдаудың көлемдері мен бағаларына қатысты жағдай қандай? 

- Ұлттық валюта бағамының өзгеруі Қарашығанақ бойынша өнім сатуға әсер етпегенін сенімді түрде айта аламын, себебі шикізатқа баға қалыптастыру формуласы халықаралық баға белгілеуге байланысты және АҚШ долларымен есептеледі. Орынбор ГӨЗ-на газ тасымалдау бағасы өзгерген жоқ, себебі газойл және мазут бағаларының орташа баға белгілеуіне негізделген, ол халықаралық баспа беттеріне шығады және ұлттық валюта бағамына тәуелді емес. 

- Қарашығанақ кен орнына көмірсутек тасымалдау экспорттық маршруттарын кеңейту күтілуде ме? 

- Экспорттық бағыттарға қатысты негізгі бағыт Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүйесі болып табылады, ол бүгінгі таңда үздік экономикалық көрсеткіштер береді. Белгілі бір көлем Атырау-Самара бағыты бойынша құбыр арқылы тартылады, тұрақсыз конденсаттың қалған аз бөлігі Орынбор ГӨЗ бағытында тартылады. Бүгінгі таңда КҚК жобасын қажетті өтеу мүмкіншілігіне қарай кеңейту жүргізілуде. КҚК кезең-кезеңмен кеңейтуі арқылы сұйық көмірсутектерді жинау да артып отырады. Бүгінгі таңда КҚК жүйесі арқылы ең жақсы бағамен жылына шамамен 9 млн тонна тартылады, шамамен 1 млн тонна Атырау-Самара құбыры арқылы жүргізіледі және шамамен 800-900 мың тонна шикізат Орынбар ГӨЗ-ға өткізіледі

 

АСТАНА. ҚазАқпарат26 Ақпан 2014

Ключевые слова: ҚР ҮкіметіМұнай-газЭкономика
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту