Төртінші мұнай өңдеу зауыты тұтынушылар көбірек шоғырланған жерде орналысуы тиіс - Ө. Шөкеев

размер шрифта: Aa | Aa
28.02.2014 10:41
Төртінші мұнай өңдеу зауытының салынатын орны бойынша сараптамалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

«Бұл мәселе бойынша Елбасы тиісті тапсырма берді. Негізі мұнай өңдеу зауыты тұтынушыға жақын орналасуы тиіс деп ойлаймын. Қазіргі кезде осы бағытта сараптамалық жұмыстар жүргізіліп жатыр», -деді Басқарма төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, 2016 жылы еліміздегі қолданыстағы үш мұнай зауыты толығымен жаңғыртылып аяқталады. Осы орайда Қазақстанда мұнай өнімдері жеткілікті деңгейде болады.

«Бұл факторларды және тұтынушылар көбірек шоғырланған факторды ескеріп, жақын арада зауыттың орны белгіленеді», - деп түйді Ө. Шөкеев.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында 2014 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін Үкімет 4-ші мұнай өңдеу зауыты мен атом стансасы құрылысының мерзімін анықтауы тиіс екенін тапсырған болатын.

АСТАНА. ҚазАқпарат27 Ақпан 2014

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту