Кендірлі курорттық аймағына газ өткізілуде

размер шрифта: Aa | Aa
28.02.2014 10:43
Кендірлі курорттық аймағына газ құбырын тарту жұмыстары 2014 жылдың ішінде аяқталады, деп хабарлады Маңғыстау облыстық туризм басқармасы бастығының орынбасары Гүлмира Сүйеуова.

«Ұзындығы 8,1 шақырымдық газ құбырының құрылысы 10 айда аяқталады. Жұмыстар 2013 жылдың соңында мердігер «Gas-s» ЖШС күшімен басталған болатын. Жобаның жалпы құны 1,1 млрд. теңгеден асады», - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі кезде құбырдың өтетін жері әзірленіп, траншея қазылды, құбырларды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

АҚТАУ. ҚазАқпарат27 Ақпан 2014
Ключевые слова: Маңғыстау облысыҚұрылысТуризм
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту