Биылғы жылғы шілдеде Қашағанда мұнай өндіру қайта жалғасуы мүмкін - Серік Ахметов

размер шрифта: Aa | Aa
03.03.2014 10:49
Үкімет басшысы Серік Ахметов биылғы жылғы шілдеде Қашағанда мұнай өндіру басталатынына сенім артты. Бұл туралы Премьер-Министр ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа мәжілісінде айтты.

«Биылғы жылы біз мұнай мен газ өндіру жоспарын орындаймыз деп үміттенемін. Алайда, Қашаған секілді ірі кен орнында жұмысты бастау бойынша айтарлықтай күрделі проблемалар бар. Бұл өте қиын әрі бірегей жоба», - деп тоқталды С. Ахметов.

Үкімет басшысы бұл кен орнында ірі нысандарды салу кезінде ең соңғы буынды технологиялар пайдаланылғанын айта келе, «Бірақ та бұл жобаны іске қосу оңай болмай тұр. Мұнайды өндірудің бастапқы кезінде бірқатар жабдықтар, оның ішінде құбырлар істен шығып қалып, бүгінде Қашаған тоқтап тұр. Бірінші жартыжылдықта немесе екінші жартыжылдықтың басында Қашаған іске қосылады деп үміттенемін. Осы орайда биылғы жылы 3 млн. тонна мұнайды өндіретін боламыз деген сеніміміз бар», - деп түйді Үкімет басшысы.

 АСТАНА. ҚазАқпарат28 Ақпан 2014
Ключевые слова: Мұнай-газЭкономикаҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіҚР Үкіметі
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту