«ҚазТрансГаз» Қызылордаға 16,5 млрд. теңге инвестиция құяды

размер шрифта: Aa | Aa
03.03.2014 10:53
Биыл «ҚазТрансГаз» компаниясы Қызылорда облысына 16,5 миллиард теңге инвестиция құяды.

Бұл қаражатқа барлық жеті аудандағы газ құбырлары мен автоматтандырылған газ тарату стансалары салынады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін аймақты газдандыруға байланысты ауқымды жұмыстар басталып кеткен. «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырынан Қызылорда қаласына дейін 23 шақырымнан асатын жоғары қысымды газ құбыры салынды, екінші резервті көгілдір отын желісі тартылды. Бұл облыс орталығын газбен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ендігі кезекте көгілдір отын желісіне қосылмаған, әсіресе жеке үйлерді қамту міндеті тұр.  

Бұған қоса, 10 ірі елді мекенде ауылішілік газ желісі құрылысының жобасы әзірленіп жатыр, оларда қазірде 100 мыңнан аса халық тұрады.

Осылайша 2015 жылдан бастап аймақты толыққанды газдандыруды бастау үшін биылғы жылы барлық қажетті инфрақұрылымды дайындап қоюымыз қажет, делінген хабарламада.

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат. 02 Наурыз 2014

Ключевые слова: Мұнай-газҚызылорда облысыҚоғам
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту